Қазақстанда мемлекеттен қаржыландырылатын спорт федерациялары тексеріледі - президент

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства Касым-Жомарт Токаев
Глава государства Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Жазылу
Тоқаев бірқатар спортшыға Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамоталарын табыстады
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Азиада ойындарымен өткен кездесуде спорт саласын басқару сапасын жақсартуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің айтуынша, туризм және спорт министрлігі, ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) және федерациялар арасында үйлесім жоқ.
Спортты басқару институттарының қызметі мен өзара ықпалдастығына қатысты бүкіл жүйені қысқа мерзімде қайта қарау қажет. ҰОК-тің қызметін жетілдіру ісіне де назар аудару керек. Туризм және спорт министрлігі, ҰОК және федерациялардың жұмысын үйлестіруді түбегейлі жолға қою керек. Тиімді байланыстың, ықпалдастықтың және өзара жәрдемдесудің болмауы жақсы нәтижеге жеткізбейді, яғни, жеңіліске әкеп соқтырады. Париж Олимпиадасы қарсаңында мұндай келеңсіздікке жол беруге болмайды. Мемлекеттің бюджетінен қаржыландырылатын спорт федерацияларының қызметіне ревизия жасау қажет, – деді Тоқаев.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства принял призеров Азиатских игр
Глава государства принял призеров Азиатских игр

 - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Бұдан бөлек, Президент ұлттық құраманың дайындық деңгейін арттыру мәселесін негізгі міндеттің бірі ретінде атады. Мемлекет басшысының пікірінше, атлеттеріміздің жоғары деңгейде дайындалуы үшін спорт медицинасы мен фармакология бағытындағы заманауи инфрақұрылыммен жабдықтау маңызды. Бұл жерде Ұлттық спорт университеті негізгі рөл атқарады. Сондықтан оның құрылысын жылдамдату керек. Спорт саласында әлемдік деңгейдегі төрешілерді дайындауға күш салу қажет. Сондай-ақ жаттықтырушылар мен басқа да спорт мамандарының жалақысын көтеріп, қосымша әлеуметтік қолдау шараларын қабылдаған жөн.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства Касым-Жомарт Токаев
Глава государства Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Мемлекет басшысы спортшылардың резервін даярлау мәселесіне арнайы тоқталып, үкімет пен әкімдер дарынды әрі болашағынан зор үміт күттіретін атлеттерге қолайлы жағдай жасауға тиіс екенін айтты.
"Елімізде үздік нәтижеге қол жеткізу үшін барын салып, еңбек етуге әзір қыз-жігіттер жеткілікті. Легионерлерге иек арта бермей, өзіміздің спортшыларға жол ашуымыз керек. Фаворитизм мен әділетсіздіктің кез келген түріне тосқауыл қойып, іріктеудің ашық және шынайы өткізілуін қамтамасыз ету аса маңызды. Халықаралық жарыстарда ел намысын үздіктердің үздігі ғана қорғауы керек. Отандық спортта әділеттілік қағидаты мен бәсекенің шынайылығы бірінші орында тұруға тиіс", – деді президент.
Сонымен қатар жиында 2023 жылғы XIX жазғы Азия ойындарының стенд атудан екі дүркін жеңімпазы және қола жүлдегері Әсем Орынбай, каноэ және байдарка есуден XIX жазғы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегері Сергей Емельянов, еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, каратэден XIX жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Нұрқанат Әжіқанов, нысана көздеу спортынан ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун сөз сөйледі.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства принял призеров Азиатских игр
Глава государства принял призеров Азиатских игр

 - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Мемлекет басшысы сөзінің соңында өткен жарыстардағы олқылықтардан нақты сабақ алып, алдағы Париж Олимпиадасына тыңғылықты дайындалуға шақырды. Президент спортшыларға және бапкерлер корпусының жұмысына табыс тіледі. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар спортшыға Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамоталарын табыстады.
Касым-Жомарт Токаев встретился со сборной Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге болар еді: Тоқаев Азиада жүлдегерлерін қабылдады
Жаңалықтар
0