ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлері Еуразиядағы қауіпсіздікке қатысты мәлімдеме жасады

Ұйымдағылар бұл мәлімдеме қазіргі әскери-саяси жағдайда ерекше маңызды деп есептейді
Sputnik
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Минскіде ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлері Еуразия кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ортақ тәсілдері туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды РИА Новости.
Хабарламада бірлескен отырыс қорытындысы бойынша саяси және әскери-саяси салаларда, сондай-ақ заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұру саласында бірқатар құжат бекітіліп, қол қойылғаны айтылды. Бұл туралы Беларусь сыртқы істер министрі Сергей Алейник мәлімдеді.
Алейник қол қойылған екі құжатты атады.
Оның айтуынша, бірінші құжат – қазіргі әскери-саяси жағдайда ерекше маңызға ие болып табылатын Еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ортақ тәсілдер туралы ҰҚШҰ сыртқы істер министрлерінің мәлімдемесі.
"Екінші құжат – сыртқы істер министрлері кеңесі мен ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ҰҚШҰ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шараларының тізімі туралы бірлескен шешімі. Бұл мәселе виртуалды кеңістіктегі қауіптер үдеп жатқан жағдайда маңыздылыққа ие", - деді Беларусь министрі.
Сондай-ақ ол кездесуде қазақстандық тарап Қазақстанның 2024 жылғы ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі қызметтің басым бағыттары туралы ақпаратты ұсынғанын айтты.
Бұдан бұрын хабарлағандай, ҰҚШҰ қорғаныс ведомстволарының басшылары Ұйымның әскери құрамдас бөлігінің дамуын қарады және мақұлдады.
Бұл ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің арнайы күштері контингенті мен құрамаларының, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бітімгершілік контингенттерінің және Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік аймағы Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің ұлттық контингенттерінің, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық авиациялық күштерінің құрамын жетілдіруге қатысты.
ҰҚШҰ министрлері мен қауіпсіздік кеңесі басшылары Минскте кездесті