ҰҚШҰ министрлері мен қауіпсіздік кеңесі басшылары Минскте кездесті

© Photo : Ян Горбанюк, "Ваяр" Совместное заседание Совета министров иностранных дел, Совета министров обороны и Комитета секретарей советов безопасности ОДКБ
 Совместное заседание Совета министров иностранных дел, Совета министров обороны и Комитета секретарей советов безопасности ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Отырыс қорытындысы бойынша ҰҚШҰ елдерінің өкілдері бірқатар құжатқа қол қоюды жоспарлап отыр
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Минскіде ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлады Беларусь қорғаныс министрлігі.
Отырысты ашқан Беларусь сыртқы істер министрі Сергей Алейник Еуразия құрлығындағы саяси жағдайдың ушыққанын айтты.
Сергей Алейник ұйымға Беларусь төрағалығының қорытындыларына тоқталды, сондай-ақ Минскідегі кездесу тату әрі достық қарым-қатынаста өтіп жатқанын мәлімдеді.
"Біз халықаралық қатынастардағы жүйелі дағдарыс кезеңінде ҰҚШҰ-ға төрағалық ету міндетін қабылдадық", - деді министр.
Соған қарамастан Беларусь төрағалығы кезінде ұйым жоспарланған іс-шаралардың барлығын дерлік орындай алды.
Еске салсақ, Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуде ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ биылғы жылға жоспарлаған 34 іс-шараның 32-сі орындалғанын хабарлады.
Минскідегі Ұлттық кітапханада өтіп жатқан жиынға сыртқы істер министрліктерінің, қорғаныс ведомстволарының басшылары, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары, ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ҰҚШҰ Біріккен штаб басшысы генерал-полковник Анатолий Сидоров қатысуда.
Кездесуге қатысушылар ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздігі аймақтарындағы әскери-саяси жағдайды талқылады.
23 қарашада ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді және оған Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады. Армения премьер-министрі Никол Пашинян саммитке қатыспайды.
Жаңалықтар
0