Отырысқа қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік жүйесін дамытудың түрлі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды, бірқатар саяси мәлімдемелер жасайды, сондай-ақ Минскідегі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы барысында мемлекет басшыларының қарауына шығарылатын құжаттардың жобаларын мақұлдайды деп күтілуде.
Қазақстандық делегация атынан премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов және қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысып жатыр.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ төрағалығының Қазақстан Республикасына ауысуын ескере отырып, Минскіде өтетін бірлескен отырыста Мұрат Нұртілеу Қазақстанның келесі жылы осы ұйымдағы қызметінің басым бағыттары туралы жалпы мәлімет береді.
Қазақстанның басымдықтарын Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитінде ресми түрде жариялайды.
Бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ кеңесінің төрағасы Александр Лукашенкоға ҰҚШҰ Қжымдық қауіпсіздік кеңесінің қарашадағы (2022 жылғы) сессиясының шешімдерін іске асыру және Беларусь төрағалығы кезеңінде ұйым қызметінің басым бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп бергені хабарланған болатын.