Мәжілісте жаңа ипотекалық бағдарламаны әзірлеу мәселесі көтерілді

Соңғы төрт жылдың ішінде жұмыс істейтін жастар санатына кіретін шамамен 9 мың адам жалдамалы пәтер алған
Sputnik
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жұмыс істейтін жастарға арналған бөлек ипотекалық бағдарлама әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Соңғы төрт жылдың ішінде жұмыс істейтін жастар санатына кіретін шамамен 9 мың адам жалдамалы пәтер алған. Ал бағдарлама шартына сәйкес, бес жылдан кейін баспананы босату керек.
“Ол да дұрыс, бірақ жастар баспананы жекешелендіруге мүмкіндік бергенін сұрайды. Әрине, үлкен қалаларда ондай пәтерлер салу тиімсіз. Ол - бір. Екіншіден, бос жерлер жоқ. Сондықтан осы санатқа кіретін азаматтар үшін бөлек ипотекалық бағдарламаны әзірлеу керек. Ал шарттары тиімді болса, жастарда өз үйін сатып алуға мүмкіндігі болуы керек”, - деді Бейсенбаев.
Депутаттың айтуынша, 35 жастағы азаматтар 30 жылдың ішінде өз ипотекасын толығымен жаба алады.
Бала кәмелетке толғаннан кейін де баспана кезегі сақталады – заң жобасы таныстырылды