https://sputnik.kz/20231122/bala-kameletke-tolgannan-keyin-baspana-kezegi-saqtalady--zan-zhobasy-tanystyryldy-40342085.html
Бала кәмелетке толғаннан кейін де баспана кезегі сақталады – заң жобасы таныстырылды
Бала кәмелетке толғаннан кейін де баспана кезегі сақталады – заң жобасы таныстырылды
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ тұрғын үйді үлестіру кезінде мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қосымша бөлме бөлу көзделген 22.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-22T10:28+0500
2023-11-22T10:28+0500
2023-11-22T10:42+0500
баспана
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38983907_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_92b1d4eeeb5c7da869a1607386495492.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәжәлістің жалпы отырысында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Шарлапаев баспана кезегінде тұрған азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында заң жобасы аясында қосымша шаралар қарастырылғанын атап өтті. Атап айтқанда:Министрдің айтуынша, бүгінде тұрғын үйді бөлу кезінде оның көп бөлігі есепке қою күніне қарамастан басым құқығы бар азаматтарға (ҰОС ардагерлері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасыларға) беріледі."Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа санаттары (1 және 2 топтағы мүгедек жандар, мүгедек баласы бар отбасылар, жесірлер) арасында наразылық пен әлеуметтік шиеленіс тудырады. Осы тәуекелдерді жою мақсатында аталған басымдықтар қайта қаралады", - деді Шарлапаев.Министрдің сөзіне қарағанда, бұл принцип халықтық әлеуметтік осал топтарының барлық санаты арасында тұрғын үйді әділ түрде бөлуге мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/03/38983907_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_a094e82229c3c46502c4cb4b2b4a9a93.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана
Бала кәмелетке толғаннан кейін де баспана кезегі сақталады – заң жобасы таныстырылды
10:28 22.11.2023 (жаңартылды: 10:42 22.11.2023) Сондай-ақ тұрғын үйді үлестіру кезінде мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қосымша бөлме бөлу көзделген
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәжәлістің жалпы отырысында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шарлапаев баспана кезегінде тұрған азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында заң жобасы аясында қосымша шаралар қарастырылғанын атап өтті. Атап айтқанда:
жетім балалар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар мен мүгедек балаларды асырып отырған отбасылардың балалары кәмелетке толуына не олардың қайтыс болуына байланысты мәртебесі өзгерген жағдайда олардың кезегін сақтау;
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларын жергілікті атқарушы органдардың есебінен бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз ету;
тұрғын үйді үлестіру кезінде мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қосымша бөлме бөлу көзделген.
Министрдің айтуынша, бүгінде тұрғын үйді бөлу кезінде оның көп бөлігі есепке қою күніне қарамастан басым құқығы бар азаматтарға (ҰОС ардагерлері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасыларға) беріледі.
"Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа санаттары (1 және 2 топтағы мүгедек жандар, мүгедек баласы бар отбасылар, жесірлер) арасында наразылық пен әлеуметтік шиеленіс тудырады. Осы тәуекелдерді жою мақсатында аталған басымдықтар қайта қаралады", - деді Шарлапаев.
Министрдің сөзіне қарағанда, бұл принцип халықтық әлеуметтік осал топтарының барлық санаты арасында тұрғын үйді әділ түрде бөлуге мүмкіндік береді.