АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Газа секторында қалған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін жүзге жуық қазақстандық Газа секторынан Мысырға шығарылып, арнайы ұшақпен Алматыға жеткізілген болатын.
“Газа секторында 17 қазақстандық қалып отыр. Оларда біздің еліміздің құжаттары бар. Басқалары – отбасы мүшелері”, - деді Омаров журналистерге берген сұхбатында.
Ал Израильде қазақстандықтарды ерікті түрде тіркейді, ешкімді міндеттеп жатқан жоқ.
“Ол елден кетемін дегендер кетті, ал қалғандары түрлі себептерге байланысты кетуге ниет білдіріп жатқан жоқ. Біздің мәліметімізге сәйке, оларға қауіп төніп тұрған жоқ”,-деп атап көрсетті министрдің орынбасары.