https://sputnik.kz/20231117/gaza-sektorynan-qazaqstandyqtar-men-olardyn-otbasy-musheleri-almatyga-ushyp-keldi-40250947.html
Газа секторынан қазақстандықтар мен олардың отбасы мүшелері Алматыға ұшып келді
Газа секторынан қазақстандықтар мен олардың отбасы мүшелері Алматыға ұшып келді
Sputnik Қазақстан
Барлығы 99 адам – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері ұшып келді 17.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-17T15:27+0500
2023-11-17T15:27+0500
2023-11-17T15:27+0500
израиль
палестина
эвакуация
қазақстандықтар
сыртқы істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/11/40250063_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_24b9f4288ce478d0c49c5242d06f680d.jpg
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Бүгін арнайы эвакуациялық бортпен 99 жолаушы – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматы қаласына аман-есен ұшып келді, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.Министрліктің мәліметінше, әуежайдағы барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға уақытша баспана беріліп, оларға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетілуде."Сәтті іске асырылған эвакуациялау процесі – Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы елшіліктерінің осы елдердегі уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесі", - делінген хабарламада.Таяу Шығыс өңірінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығымен келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы істер министрлігі азаматтарымыздың Газа секторынан қауіпсіз және еш кедергісіз шығуы туралы уағдаластыққа қол жеткізді.Қазақстандық дипломаттар қақтығыс аймағында қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету және эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.Бұған дейін Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар "Рафах" бекетінен өтіп, Каирге жеткені туралы хабарланған болатын.
https://sputnik.kz/20231115/gaza-sektorynan-evakuatsiyalangan-qazaqstandyqtar-kairdegi-qonaq-uyge-ornalastyryldy-40196596.html
израиль
палестина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/11/40250063_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_05be9f2ea1fb890fa64ff697ed1bcadf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль, палестина, эвакуация, қазақстандықтар, сыртқы істер министрлігі
израиль, палестина, эвакуация, қазақстандықтар, сыртқы істер министрлігі
Газа секторынан қазақстандықтар мен олардың отбасы мүшелері Алматыға ұшып келді
Барлығы 99 адам – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері ұшып келді
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Бүгін арнайы эвакуациялық бортпен 99 жолаушы – Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматы қаласына аман-есен ұшып келді, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, әуежайдағы барлық міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға уақытша баспана беріліп, оларға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетілуде.
"Сәтті іске асырылған эвакуациялау процесі – Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы елшіліктерінің осы елдердегі уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесі", - делінген хабарламада.
Таяу Шығыс өңірінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылығымен келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы істер министрлігі азаматтарымыздың Газа секторынан қауіпсіз және еш кедергісіз шығуы туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Қазақстандық дипломаттар қақтығыс аймағында қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету және эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Бұған дейін Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар "Рафах" бекетінен өтіп, Каирге жеткені туралы хабарланған болатын.