АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің ХІ конгресі аясында ұлттық валюта – теңге банкноттарының жаңа сериясы таныстырылды.
Теңге банкноттарының жаңа сериясы таныстырылды
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Жаңа банкноттар туралы Ұлттық банктің бас дизайнері Санжар Нұрқасымов айтып берді.
Теңге банкноттарының жаңа сериясы таныстырылды
© Photo : Нацбанк Казахстана
"Банкноттардың жаңа сериясы сақ жануарларының стиліне арналған. Бұл ата-бабаларға құрмет. Барлығы білетіндей, сақ кезеңі - бұл аз зерттелген ұлы дәуір, бірақ біз бұл туралы жыл сайын көбірек дәлел табамыз. Элементтердің өзі өте айқын. Сондықтан Ұлттық банк оларды барлық қазақстандықтың игілігіне айналдыруға шешім қабылдады", - деді ол.
Санжар Нұрқасымов жаңа банкноттарда қорғаныс элементтері жақсартылғанын айтты.
"Банкноттардың қорғаныс кешені қайта қаралды – әлемдік индустриядағы ең жаңа қорғаныс элементтері енгізілді", - деді ол.
Теңге банкноттарының жаңа сериясы таныстырылды
© Photo : Нацбанк Казахстана
Жаңа банкноттар осы жылдың соңына дейін айналымға шығарылады.
Нұрқасымовтың айтуынша, жаңа купюралар ескілерін толығымен алмастырады. Жаңа дизайндағы банкноталар айналымға шығарылғаннан кейін алдыңғы үлгідегі банкноталар керісінше айналымнан біртіндеп алынып тасталады. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сәйкес, жалған ақша жасауға жол бермеу үшін банкноталардың дизайны жетілдіріліп, кезең-кезеңімен жаңартылып отырады.