https://sputnik.kz/20231115/qazaqstan-ulttyq-banki-banknottardyn-zhana-seriyasyn-tanystyrdy-40189552.html
Қазақстан Ұлттық банкі банкноттардың жаңа сериясын таныстырды
Қазақстан Ұлттық банкі банкноттардың жаңа сериясын таныстырды
Sputnik Қазақстан
Банкноттардың жаңа сериясы сақ стилі элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап қазіргі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын... 15.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-15T12:51+0500
2023-11-15T12:51+0500
2023-11-15T12:51+0500
теңге
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0f/40179666_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0c578fb1c88970871fc596f4b2161139.jpg
АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің ХІ конгресі аясында ұлттық валюта – теңге банкноттарының жаңа сериясы таныстырылды.Жаңа банкноттар туралы Ұлттық банктің бас дизайнері Санжар Нұрқасымов айтып берді."Банкноттардың жаңа сериясы сақ жануарларының стиліне арналған. Бұл ата-бабаларға құрмет. Барлығы білетіндей, сақ кезеңі - бұл аз зерттелген ұлы дәуір, бірақ біз бұл туралы жыл сайын көбірек дәлел табамыз. Элементтердің өзі өте айқын. Сондықтан Ұлттық банк оларды барлық қазақстандықтың игілігіне айналдыруға шешім қабылдады", - деді ол.Санжар Нұрқасымов жаңа банкноттарда қорғаныс элементтері жақсартылғанын айтты."Банкноттардың қорғаныс кешені қайта қаралды – әлемдік индустриядағы ең жаңа қорғаныс элементтері енгізілді", - деді ол.Жаңа банкноттар осы жылдың соңына дейін айналымға шығарылады.Нұрқасымовтың айтуынша, жаңа купюралар ескілерін толығымен алмастырады. Жаңа дизайндағы банкноталар айналымға шығарылғаннан кейін алдыңғы үлгідегі банкноталар керісінше айналымнан біртіндеп алынып тасталады. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сәйкес, жалған ақша жасауға жол бермеу үшін банкноталардың дизайны жетілдіріліп, кезең-кезеңімен жаңартылып отырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/0f/40179666_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_1f29a2f3fc1542b797b29a444731949a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге
Қазақстан Ұлттық банкі банкноттардың жаңа сериясын таныстырды
Банкноттардың жаңа сериясы сақ стилі элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап қазіргі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді
АЛМАТЫ, 15 қараша – Sputnik. Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің ХІ конгресі аясында ұлттық валюта – теңге банкноттарының жаңа сериясы таныстырылды.
Жаңа банкноттар туралы Ұлттық банктің бас дизайнері Санжар Нұрқасымов айтып берді.
"Банкноттардың жаңа сериясы сақ жануарларының стиліне арналған. Бұл ата-бабаларға құрмет. Барлығы білетіндей, сақ кезеңі - бұл аз зерттелген ұлы дәуір, бірақ біз бұл туралы жыл сайын көбірек дәлел табамыз. Элементтердің өзі өте айқын. Сондықтан Ұлттық банк оларды барлық қазақстандықтың игілігіне айналдыруға шешім қабылдады", - деді ол.
Санжар Нұрқасымов жаңа банкноттарда қорғаныс элементтері жақсартылғанын айтты.
"Банкноттардың қорғаныс кешені қайта қаралды – әлемдік индустриядағы ең жаңа қорғаныс элементтері енгізілді", - деді ол.
Жаңа банкноттар осы жылдың соңына дейін айналымға шығарылады.
Нұрқасымовтың айтуынша, жаңа купюралар ескілерін толығымен алмастырады. Жаңа дизайндағы банкноталар айналымға шығарылғаннан кейін алдыңғы үлгідегі банкноталар керісінше айналымнан біртіндеп алынып тасталады. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сәйкес, жалған ақша жасауға жол бермеу үшін банкноталардың дизайны жетілдіріліп, кезең-кезеңімен жаңартылып отырады.