Мәсімов Астанадағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілді – ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды
Sputnik
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстатты және пара алды деген күдікке ілінді.
Бұл туралы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Қазақпарат" агенттігіне берген жауабында көрсетілген.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті К. Мәсімовке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және 366-бабы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша соталды тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз", - делінген комитет жауабында.

Осыған орай Қылмыстық атқару кодексінің 92-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотталған Кәрім Мәсімов прокуратураның санкциясымен Астана қаласы ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қылмыстық іс аясында бірқатар тергеу әрекеті жүргізілді.
Еске сала кетейік, биыл сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке, А.Садықұловқа, Д. Ерғожинге, М. Өсіповке (ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Сот істі "өте құпия" деген белгімен қарады. Мәсімовтың өзі 18 жылға сотталды.
Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына шыққан үкім өзгерді – сот