https://sputnik.kz/20231114/masimov-astanadagy-uaqytsha-ustau-izolyatoryna-zhetkizildi--uqk-40155185.html
Мәсімов Астанадағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілді – ҰҚК
Мәсімов Астанадағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілді – ҰҚК
Sputnik Қазақстан
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды 14.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-14T13:36+0500
2023-11-14T13:36+0500
2023-11-14T13:52+0500
кәрім мәсімов
https://sputnik.kz/img/1263/73/12637379_0:130:3179:1918_1920x0_80_0_0_1c68c721f6e05cd1302e7b341845d22c.jpg
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстатты және пара алды деген күдікке ілінді.Бұл туралы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Қазақпарат" агенттігіне берген жауабында көрсетілген.Осыған орай Қылмыстық атқару кодексінің 92-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотталған Кәрім Мәсімов прокуратураның санкциясымен Астана қаласы ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қылмыстық іс аясында бірқатар тергеу әрекеті жүргізілді.Еске сала кетейік, биыл сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке, А.Садықұловқа, Д. Ерғожинге, М. Өсіповке (ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Сот істі "өте құпия" деген белгімен қарады. Мәсімовтың өзі 18 жылға сотталды.
https://sputnik.kz/20230616/karim-masmov-pen-onyn-orynbasarlaryna-shyqqan-ukim-ozgerdi--sot-36044205.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1263/73/12637379_224:0:2955:2048_1920x0_80_0_0_df5529affc313251b5a15d8a6773e5f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәрім мәсімов
Мәсімов Астанадағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілді – ҰҚК
13:36 14.11.2023 (жаңартылды: 13:52 14.11.2023) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 14 қараша - Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстатты және пара алды деген күдікке ілінді.
Бұл туралы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Қазақпарат" агенттігіне берген жауабында көрсетілген.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті К. Мәсімовке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және 366-бабы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша соталды тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз", - делінген комитет жауабында.
Осыған орай Қылмыстық атқару кодексінің 92-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотталған Кәрім Мәсімов прокуратураның санкциясымен Астана қаласы ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қылмыстық іс аясында бірқатар тергеу әрекеті жүргізілді.
Еске сала кетейік, биыл сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке, А.Садықұловқа, Д. Ерғожинге, М. Өсіповке (ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Сот істі "өте құпия" деген белгімен қарады. Мәсімовтың өзі 18 жылға сотталды.