Бишімбаевтың әйелінің өлімі: оқиға болған мейрамханадан бейнематериалдар алынды

Қазіргі кезде адам өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Полиция "Bau" мейрамханасында бақылау камераларынан бейнематериалдарды алды. Бұл туралы қалалық полиция депаратменті хабарлады.
Қазіргі кезде адам өлтіру фактісі бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр.
"Қазіргі уақытта тергеу органдары қызмет көрсетуші персонал мен жасалған осыаса ауыр қылмыстың мән-жайын білуі мүмкін басқа да адамдардан жауап алу кезінде олардан алынған жауапқа тексеру жүргізеді. Сондай-ақ оқиға орнынан тиісті зерттеулер тағайындалған бейнематериалдар алынды", - делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы тараған хабар қоғама резонанс тудырған еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімін тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.
Бишімбаевтың ісі: Гастро орталық директоры 2 айға қамауға алынды