https://sputnik.kz/20231114/bishimbaevtyn-isi-gastro-ortalyq-direktory-2-ayga-qamauga-alyndy-40148337.html
Бишімбаевтың ісі: Гастро орталық директоры 2 айға қамауға алынды
Бишімбаевтың ісі: Гастро орталық директоры 2 айға қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Ол қылмысты жасырды деген күдікке ілінген болатын 14.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-14T10:11+0500
2023-11-14T10:11+0500
2023-11-14T10:53+0500
қуандық бишімбаев
қуандық бишімбаевтің ісі
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қылмыс болған Bau мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаменті.Тергеу амалдары жалғасып жатыр.Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы тараған хабар қоғама резонанс тудырған еді.Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімін тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев, қуандық бишімбаевтің ісі
қуандық бишімбаев, қуандық бишімбаевтің ісі
Бишімбаевтың ісі: Гастро орталық директоры 2 айға қамауға алынды
10:11 14.11.2023 (жаңартылды: 10:53 14.11.2023) Ол қылмысты жасырды деген күдікке ілінген болатын
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қылмыс болған Bau мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Астана қалалық полиция департаменті.
"Bau" мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро орталық директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды, - делінген полиция хабарламасында.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы тараған хабар қоғама резонанс тудырған еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімін тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.