АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Алматы облысында 425 мектептің информатика кабинетінде суицид пен порнографиялық сайттарға емін-еркін кіруге мүмкіндік болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жергілікті прокуратура органдарына сілтеме жасап.
Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға кіргені анықталды.
"Бүгінгі күні облыстың барлық білім беру мекемесінде прокурорлық ден қою актісімен осындай сайттарға шектеу қойылды", - дейді прокурорлар.
Сонымен қатар прокурорлардың талап арызы бойынша анықталған 8 сайт заңсыз деп танылды. Оларға республика бойынша шектеу қойылды.
Ал осы жағдайға жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.