Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда онлайн сабақта порно көрсетілді: шенеуніктер мән-жайды түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневУчебник и клавиатура компьютера, дистанционное обучение
Учебник и клавиатура компьютера, дистанционное обучение - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан полиция департаменті оқушылардың онлайн сабағына қосылып, балаларға порно көрсеткен адамды анықтайды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан білім басқармасының өкілдері математика сабағында балаларға әдепсіз видеороликтерді көрсеткен кім екенін және трансляцияға қандай жолмен қосылғанын анықтау үшін елордалық полицияға арызданды.    

Еске сала кетейік, оқиға елордада 3 қыркүйекте болды. Бесінші сынып оқушыларын ZOOM платформасында оқыту процесіне бөтен біреу араласып, балалардың компьютер экранына әдепсіз слайдтар мен былапыт сөздерді шығарып, математика сабағын бұзды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Жанна Нұрмағамбетова өзінің Facebook парақшасында жазды.

Оқи отырыңыз: Алматыда әбден ашынған балалар Тоқаевтан көмек сұрады 

"Ата-аналар мен мұғалімдерден хабарлама алғаннан кейін мектеп әкімшілігі балалармен және ата-аналармен онлайн кеңес өткізіп, оқушылармен чаттар мен платформаларда жұмыс істеу кезінде әдеп сақтау туралы тәрбие жұмысын жүргізді. Сондай-ақ кешке ата-аналар балалардың ұялы телефонын тексеріп шықты, ешкім бейтаныс адамдармен байланыс орнатпағаны анықталды", - деді Нұр-Сұлтан білім басқармасы.

Ведомство сонымен қатар оқиғадан кейін онлайн сабақтар Microsoft Teams платформасына көшірілгенін атап өтті.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін елорда полиция департаментіне хат жолданды.

Жаңалықтар
0