АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының полициясы Батыс Қазақстан және Атырау облыстары аумағында байланыссыз жасыру әдісімен марихуана және гашиш сатумен айналысқан интернет-дүкенге тосқауыл қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында интернет-дүкеннің операторы және курьері болған екі оралдық ұсталды.
Атырау, Орал және Ақсай қалаларында күдіктілер жасырып кеткен 500-ден астам есірткі орамы тәркіленді. Оның 300-ден астамы Атырауда Жайық өзені жағасындағы қоғамдық орындардан табылған. Қазіргі таңда есірткі дүкенін ұйымдастырушыны анықтау және оны бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі интернет-дүкендердің 19 ұйымдастырушысын, 105 оператор мен 297 есірткі жасырушыны ұстады. Есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3500 интернет-ресурс анықталып, бұғатталды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.