https://sputnik.kz/20231113/qazaqstannyn-ush-qalasynda-500-esirtki-oramyn-zhasyrgan-politsiya-kudiktilerdi-ustady-40115294.html
Қазақстанның үш қаласында 500 есірткі орамын жасырған: полиция күдіктілерді ұстады
Қазақстанның үш қаласында 500 есірткі орамын жасырған: полиция күдіктілерді ұстады
Sputnik Қазақстан
300-ден астамы Жайық өзені жағасындағы қоғамдық орындардан табылған 13.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-13T08:31+0500
2023-11-13T08:31+0500
2023-11-13T08:31+0500
өңірлер
есірткі
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_0:147:3071:1874_1920x0_80_0_0_b658c4821d6292d78143b54a352888da.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының полициясы Батыс Қазақстан және Атырау облыстары аумағында байланыссыз жасыру әдісімен марихуана және гашиш сатумен айналысқан интернет-дүкенге тосқауыл қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында интернет-дүкеннің операторы және курьері болған екі оралдық ұсталды.Атырау, Орал және Ақсай қалаларында күдіктілер жасырып кеткен 500-ден астам есірткі орамы тәркіленді. Оның 300-ден астамы Атырауда Жайық өзені жағасындағы қоғамдық орындардан табылған. Қазіргі таңда есірткі дүкенін ұйымдастырушыны анықтау және оны бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр."Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі интернет-дүкендердің 19 ұйымдастырушысын, 105 оператор мен 297 есірткі жасырушыны ұстады. Есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3500 интернет-ресурс анықталып, бұғатталды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.
https://sputnik.kz/20231023/aqmola-oblysynda-iri-esirtki-zertkhanasy-zhoyyldy-39585500.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_238:0:2969:2048_1920x0_80_0_0_2f044b4f385a2c8b9183652af988a69c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі
Қазақстанның үш қаласында 500 есірткі орамын жасырған: полиция күдіктілерді ұстады
300-ден астамы Жайық өзені жағасындағы қоғамдық орындардан табылған
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының полициясы Батыс Қазақстан және Атырау облыстары аумағында байланыссыз жасыру әдісімен марихуана және гашиш сатумен айналысқан интернет-дүкенге тосқауыл қойды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында интернет-дүкеннің операторы және курьері болған екі оралдық ұсталды.
Атырау, Орал және Ақсай қалаларында күдіктілер жасырып кеткен 500-ден астам есірткі орамы тәркіленді. Оның 300-ден астамы Атырауда Жайық өзені жағасындағы қоғамдық орындардан табылған. Қазіргі таңда есірткі дүкенін ұйымдастырушыны анықтау және оны бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігі интернет-дүкендердің 19 ұйымдастырушысын, 105 оператор мен 297 есірткі жасырушыны ұстады. Есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3500 интернет-ресурс анықталып, бұғатталды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.