Тоқаев: Қазақстанда ресейлік компаниялардың үлесі бар 19 мың кәсіпорын жұмыс істейді

Қазақстан мен Ресейдің екіжақты сауда айналымы 27 млрд долларды құраған
Sputnik
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресей экономиканың барлық дерлік саласында өзара ынтымақтаса жұмыс істейді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Ресеймен сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация саласында өзара іс-қимыл жылдан-жылға тұрақты өсіп келеді.
"Бүгінде екіжақты сауда айналымы 27 млрд долларға жетті, бұл рекордтық көрсеткіш. Ресейден тікелей инвестиция көлемі 20 млрд доллардан асты. Қазақстанда шетелдің қатысуымен жұмыс істейтін 42 мыңнан аса кәсіпорынның жартысына жуығы, 19 мыңын ресейлік компаниялар құрайды. Біз экономиканық барлық дерлік саласында – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, инфрақұрылымда өзара ынтымақтаса жұмыс істейміз", - деді Тоқаев Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында.
Бүгін, 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптесін елорда әуежайында қарсы алды.
Тоқаев пен Путин Ақордада кездесті