Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Форумға қатысушылар климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығына қалай әсерететінін талқылайды
Sputnik
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық "Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі" ынтымақтастық форумы жұмысын бастады.
Форумға қатысушылар климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығына қалай әсерететінін талқылайды, дейді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Құмар Ақсақалов
"Шекара маңы ынтымақтастығы форумының ауылшаруашылық туралы тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені екі елдің экономикасында аграрлық сала маңызды орын алады. Форум барысында талқыланатын мәселелердің бірі, әрине, ауыл шаруашылығы саласына қатты әсер ететін климаттағы өзгерістер мәселесі. Қостанай облысының аумағында соңғы екі жыл құрғақшылық болды және бұл экономиканың осыы секторының дамуына қатты әсер етті", - деді ол.
Форум жұмысына 500-ден астам адам, атап айтқанда, Ресей Федерациясының 12 облысы және Қазақстанның 8 облысының өкілдері қатысады, деп толықтырды Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров.
Айдарбек Сапаров
"Қостанай облысы еліміздегі ең ірі аграрлық өңірлердің бірі болғандықтан форум өткізу орны ретінде таңдалды", - дейді Сапаров.
Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин XIX өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Форум Қостанайда өтіп жатыр, оған мемлекет басшылары Астанадан бейнебайланыс арқылы қатысады. Офлайн пленарлық отырысқа Республика премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Сергей Оверчук қатысады. Сондай-ақ Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысы және пленарлық сессиялар өтеді.
Сессия тақырыптары:
Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар;
Жастар және ауыл шаруашылығы: білім берудегі жаңа трендтер.
Форум қорытындысы бойынша келісімдердің сенімді пакетіне қол қойылады деп жоспарланған.