https://sputnik.kz/20231109/qostanayda-qazaqstan-men-reseydin-oniraralyq-yntymaqtastyq-forumy-bastaldy-40029465.html
Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды
Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды
Sputnik Қазақстан
Форумға қатысушылар климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығына қалай әсерететінін талқылайды 09.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-09T10:21+0500
2023-11-09T10:21+0500
2023-11-09T10:21+0500
форум
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40026765_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_889afd290594c42b4c806d8cbd824bf2.jpg
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық "Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі" ынтымақтастық форумы жұмысын бастады.Форумға қатысушылар климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығына қалай әсерететінін талқылайды, дейді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов."Шекара маңы ынтымақтастығы форумының ауылшаруашылық туралы тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені екі елдің экономикасында аграрлық сала маңызды орын алады. Форум барысында талқыланатын мәселелердің бірі, әрине, ауыл шаруашылығы саласына қатты әсер ететін климаттағы өзгерістер мәселесі. Қостанай облысының аумағында соңғы екі жыл құрғақшылық болды және бұл экономиканың осыы секторының дамуына қатты әсер етті", - деді ол.Форум жұмысына 500-ден астам адам, атап айтқанда, Ресей Федерациясының 12 облысы және Қазақстанның 8 облысының өкілдері қатысады, деп толықтырды Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров."Қостанай облысы еліміздегі ең ірі аграрлық өңірлердің бірі болғандықтан форум өткізу орны ретінде таңдалды", - дейді Сапаров.Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин XIX өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысады.Форум Қостанайда өтіп жатыр, оған мемлекет басшылары Астанадан бейнебайланыс арқылы қатысады. Офлайн пленарлық отырысқа Республика премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Сергей Оверчук қатысады. Сондай-ақ Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысы және пленарлық сессиялар өтеді.Сессия тақырыптары:Форум қорытындысы бойынша келісімдердің сенімді пакетіне қол қойылады деп жоспарланған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/09/40026765_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_df6e5f6bb74528268e879ce48d773e55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
форум
Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды
Форумға қатысушылар климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығына қалай әсерететінін талқылайды
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық "Ауыл шаруашылығы – қуатты экономиканың негізі" ынтымақтастық форумы жұмысын бастады.
Форумға қатысушылар климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығына қалай әсерететінін талқылайды, дейді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
"Шекара маңы ынтымақтастығы форумының ауылшаруашылық туралы тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені екі елдің экономикасында аграрлық сала маңызды орын алады. Форум барысында талқыланатын мәселелердің бірі, әрине, ауыл шаруашылығы саласына қатты әсер ететін климаттағы өзгерістер мәселесі. Қостанай облысының аумағында соңғы екі жыл құрғақшылық болды және бұл экономиканың осыы секторының дамуына қатты әсер етті", - деді ол.
Форум жұмысына 500-ден астам адам, атап айтқанда, Ресей Федерациясының 12 облысы және Қазақстанның 8 облысының өкілдері қатысады, деп толықтырды Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров.
"Қостанай облысы еліміздегі ең ірі аграрлық өңірлердің бірі болғандықтан форум өткізу орны ретінде таңдалды", - дейді Сапаров.
Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин XIX өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Форум Қостанайда өтіп жатыр, оған мемлекет басшылары Астанадан бейнебайланыс арқылы қатысады. Офлайн пленарлық отырысқа Республика премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Сергей Оверчук қатысады. Сондай-ақ Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысы және пленарлық сессиялар өтеді.
Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар;
Жастар және ауыл шаруашылығы: білім берудегі жаңа трендтер.
Форум қорытындысы бойынша келісімдердің сенімді пакетіне қол қойылады деп жоспарланған.