Қостанайда өткен форумда Қазақстан мен Ресей 83 млн доллардың келісіміне қол қойды

9 өңіраралық және коммерциялық келісімге қол қойылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Қазақстан мен Ресей Қостанайдағы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының ХІХ форумы аясында 83 млн доллар болатын келісімге қол қойды, деп хабарлайды форумның баспасөз орталығы.
9 өңіраралық және коммерциялық келісімге қол қойылды. Олардың арасында:
Qyzyljar арнайы экономикалық аймағында нан өнімдері зауытын салу,
Солтүстік Қазақстан облысында жүк көтергіш жабдықтарды өндіру жөніндегі жоба;
Қостанай облысында сүтті салқындатуға арналған жабдықтар өндіру жөніндегі жоба бар.
Бұған дейін Владимир Путин Қостанайда өткен форум қорытындысы бойынша қол қою үшін шамамен 100 млн доллар сомасына жаңа келісімдер, меморандумдар мен келісімшарттар дайындалғанын мәлімдеген болатын.
"Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының 76 өңірі Қазақстан облыстарымен тікелей серіктестік байланыс орнатты", - деді ол.
Оның айтуынша, өңіраралық сапарлар тұрақталды.
Биыл Якутия, Астрахан, Челябі облыстары басшыларының Қазақстанның түрлі өңірлеріне нәтижелі жұмыс сапарлары өтті. Қазақстандық өкілді делегациялар Красноярск экономикалық форумына және Бурятияның 100 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, форум Қостанайда өтті, оған мемлекет басшылары Астанадан бейнебайланыс арқылы қатысты. Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 27 млрд долларды құрады.
Қазақстан мен Ресей 100 млн доллардың келісімшарттарына қол қояды