https://sputnik.kz/20231109/qostanayda-otken-forumda-qazaqstan-men-resey-83-mln-dollardyn-kelisimine-qol-qoydy-40065296.html
Қостанайда өткен форумда Қазақстан мен Ресей 83 млн доллардың келісіміне қол қойды
Қостанайда өткен форумда Қазақстан мен Ресей 83 млн доллардың келісіміне қол қойды
Sputnik Қазақстан
9 өңіраралық және коммерциялық келісімге қол қойылды 09.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-09T19:13+0500
2023-11-09T19:13+0500
2023-11-09T19:13+0500
қасым-жомарт тоқаев
владимир путин
форум
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/02/38936298_0:117:2048:1269_1920x0_80_0_0_e6a3e2bc46e586d799ce250fda36d2af.jpg
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Қазақстан мен Ресей Қостанайдағы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының ХІХ форумы аясында 83 млн доллар болатын келісімге қол қойды, деп хабарлайды форумның баспасөз орталығы.9 өңіраралық және коммерциялық келісімге қол қойылды. Олардың арасында:Бұған дейін Владимир Путин Қостанайда өткен форум қорытындысы бойынша қол қою үшін шамамен 100 млн доллар сомасына жаңа келісімдер, меморандумдар мен келісімшарттар дайындалғанын мәлімдеген болатын."Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының 76 өңірі Қазақстан облыстарымен тікелей серіктестік байланыс орнатты", - деді ол.Оның айтуынша, өңіраралық сапарлар тұрақталды.Биыл Якутия, Астрахан, Челябі облыстары басшыларының Қазақстанның түрлі өңірлеріне нәтижелі жұмыс сапарлары өтті. Қазақстандық өкілді делегациялар Красноярск экономикалық форумына және Бурятияның 100 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.Естеріңізге сала кетейік, форум Қостанайда өтті, оған мемлекет басшылары Астанадан бейнебайланыс арқылы қатысты. Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 27 млрд долларды құрады.
https://sputnik.kz/20231109/qazaqstan-men-resey-100-mln-dollardyn-kelisimsharttaryna-qol-qoyady---putin-40044020.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/02/38936298_100:0:1948:1386_1920x0_80_0_0_97b99f12268a4223185bdaadf527ec99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин, форум
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин, форум
Қостанайда өткен форумда Қазақстан мен Ресей 83 млн доллардың келісіміне қол қойды
9 өңіраралық және коммерциялық келісімге қол қойылды
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Қазақстан мен Ресей Қостанайдағы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының ХІХ форумы аясында 83 млн доллар болатын келісімге қол қойды, деп хабарлайды форумның баспасөз орталығы.
9 өңіраралық және коммерциялық келісімге қол қойылды. Олардың арасында:
Qyzyljar арнайы экономикалық аймағында нан өнімдері зауытын салу,
Солтүстік Қазақстан облысында жүк көтергіш жабдықтарды өндіру жөніндегі жоба;
Қостанай облысында сүтті салқындатуға арналған жабдықтар өндіру жөніндегі жоба бар.
Бұған дейін Владимир Путин Қостанайда өткен форум қорытындысы бойынша қол қою үшін шамамен 100 млн доллар сомасына жаңа келісімдер, меморандумдар мен келісімшарттар дайындалғанын мәлімдеген болатын.
"Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының 76 өңірі Қазақстан облыстарымен тікелей серіктестік байланыс орнатты", - деді ол.
Оның айтуынша, өңіраралық сапарлар тұрақталды.
Биыл Якутия, Астрахан, Челябі облыстары басшыларының Қазақстанның түрлі өңірлеріне нәтижелі жұмыс сапарлары өтті. Қазақстандық өкілді делегациялар Красноярск экономикалық форумына және Бурятияның 100 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, форум Қостанайда өтті, оған мемлекет басшылары Астанадан бейнебайланыс арқылы қатысты. Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 27 млрд долларды құрады.