Қазақстан мен Ресей 100 млн доллардың келісімшарттарына қол қояды

Бүгінде Ресейдің 76 өңірі Қазақстан облыстарымен тікелей серіктестік байланыс орнатқан
Sputnik
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында жалпы сомасы 100 млн долларға жаңа келісімдер мен шарттарға қол қойылуы мүмкін. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Менің білуімше, осы форумның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 100 млн долларға жаңа келісімдер мен меморандумдар, сондай-ақ коммерциялық шарттар қол қоюға дайындалды", - деді Путин форум барысында.
Ресейлік президенттің айтуынша, Қостанайда екі елдің отыздан астам өңірінің өкілдері жиналған. Олардың арасында мемлекеттік органдардың басшылары, заң шығарушылар, бизнес, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.
"Яғни, саясатта, экономикада, гуманитарлық салада екі ел қарым-қатынасын дамыту жұмыстарымен күнделікті негізде айналысатын адамдар жиналып отыр", - деді Путин.
Айтуынша, бүгінде Ресейдің 76 өңірі Қазақстан облыстарымен тікелей серіктестік байланыс орнатқан.
Бүгін, 9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптесін елорда әуежайында қарсы алды.
Форумның пленарлық отырысынан кейін екі ел президенттері шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізді. Сапар қорытындысы бойынша Путин мен Тоқаев БАҚ өкілдері үшін сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIXӨңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Тоқаев пен Путин пленарлық отырысқа бейнебайланыс режимінде қосылды.
Биылғы форум ауыл шаруашылығы саласына арналған.
Тоқаев пен Путин Ақордада кездесті