Алматы тауларында салынған заңсыз құрылыс бұзылады

Сот шешімі шыққан нысандардың тізімін Алматы әкімдігінің сайтынан білуге болады
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 қараша – Sputnik. Сот шешіміне сәйкес Алматы тауларындағы заңсыз құрылыс бұзылады, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі күні Алматының таулы аймағындағы заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді. Қала құрылысын бақылау басқармасы заң талаптары мен құрылыс нормаларын сақтамаған жаңа салынып жатқан 52 нысанды анықтаған.
"20 нысанды толық немесе жартылай бұзу, учаскені бастапқы қалпына келтіру туралы сот шешімі заңды күшіне енді. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, клуб үйлері, тірек қабырғалары және бақша үйлері бар", - дейді ведомсвто мамандары.
Қалған 23 нысан бойынша сот талқылауы өтіп жатыр, 9 нысанға талап-арыз жазуға бастама көтерілді.
Қазақстанда бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізіледі