Қазақстанда бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізіледі

© Sputnik/Ертай Сарбасов Алматыдағы құрылыс
 Алматыдағы құрылыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2023
Жазылу
Осылайша үкімет заңсыз және нүктелі құрылыспен күрес жүргізбекші
АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда жаңа бірыңғай қала құрылысы сараптамасы пайда болады, оның көмегімен заңсыз салынған ретсіз және нүктелі құрылыспен күрес жүргізіледі, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Жаңа немесе түзетілген қала құрылысы жобалары мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркеліп, "Мемсараптама" РМК-да кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді.
Сараптамадан өтпеген немесе оң қорытынды алмаған барлық деңгейдегі жоба іске асырылмайды.
Сонымен қатар жобалау процесінің өзі бірыңғай цифрлық мемлекеттік алаңға шығарылады. Ол үшін ақпараттық жүйе (GBIM) жасалды.
Сондай-ақ мәжілісте құрылыстың сапасын бақылаудың жаңа тетігін енгізуді көздейтін заң жобасы қаралып жатыр. Бұл құрылыстың барысын жедел тексеруге және заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бақытжан Жүнісбеков 2020 жылдан бастап комитет сәулетшілерге түрлі заң бұзушылық үшін 218 әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады.
Жаңалықтар
0