55 жастан берілетін арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңге болады

Шахтер зиянды жұмыстан шыққаннан кейін де оған арнайы төлем төлене береді
Sputnik
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Келесі жылы зиянды еңбек жағдайында істейтін 37 мың қазақстандық арнайы төлем ала алады. Оның орташа мөлшері 200 мың теңгені құрайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келесі жылдан бастап зиянды еңбек жағдайында істейтін қазақстандықтарға арнайы төлем төленеді. Ол үшін жұмысшы 55 жасқа толған және 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы болуы керек.
"Арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңге болады. Төлемдер зейнет жасына дейін, яғни 63 жасқа дейін төленеді", - деді Сарбасов мәжілісте тиісті заңнамалық түзетулерді таныстырғаннан кейін.
Айтуынша, арнайы төлем алатын жұмысшылар ауыр жұмыстан жеңіл жұмысқа ауысуы шарт немесе өз қалауымен жұмыстан мүлде шыға алады.
Вице-министр 55 жас және 7 жыл кәсіптік зейнетақы жарнасы талабына сәйкес келетін жұмысшылар 1400-ге жуық кәсіпорында істейді.
"2024 жылы 37 мың адам арнайы төлем алуға құқылы болады", - деді ол.
Сарбасов 55 жастан бастап арнайы төлемдер шахтерлерге ғана емес, зиянды еңбекте істейтін барлық азаматқа беріледі. Көбі тау-кен өндіру секторы және өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейді.
Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттен тұрады және төрт көзден: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнайы кәсіптік төлем; БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен жинақталған зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары есебінен; өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс мөлшерінде төленеді.