Израиль ХАМАС билігін құлатуды көздеп отыр

Қазіргі уақытта Израильде қаза тапқандар саны шамамен 1 400 адамды құрайды, 6900 адам жараланды
Sputnik
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Израиль 7 қазандағы лаңкестік әрекеттен кейін ХАМАС-тың билігін құлатып, Газа секторынан төніп тұрған қауіпті толғымен жоюға мүдделі. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрлігі Еуразия және Балқан бойынша бас директордың орынбасары Симона Гальперин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Гальпериннің мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде Израильде құрбан болғандардың саны 1 400 адамды құрап отыр. Бұдан бөлек, 6 900 адам жарақат алды. 240 адам із-түзсіз жоғалып кеткен немесе Газа секторында кепілге алынған. Қайтыс болғандардың ішінде 283 шетелдік азамат бар.
7 қазанда ХАМАС Израильге зымырандармен шабуыл жасады. Ал сарбазбар оңтүстік аудандарға баса көктеп кірді, әскерилерге және бейбіт адамдарға оқ атты. Жүздеген адамды кепілге алды. Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, 1,4 мыңнан астам адам қаза тапты. Олардың ішінде 300-ден астам әскери қызметші бар. Сол кезде 5 мың адам жарақат алды.
Израиль Газа секторын да зымыранмен атқылады. Одан кейін шекараға жақын аудандарды бақылауға алды. Газа секторына су, азық-түлік, электр энергиясын, дәрі-дәрмек пен отын жеткізу тоқтатылды.
Осы айдың басында Израиль армиясы Джебалия босқындар лагеріне соққы жасады. Бүгінде Газа секторында қаза тапқандар саны 9061-ге жетті, 32 мыңнан астам адам жараланды. Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Палестинаға 1 млн доллар аударды.
Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Палестинаға 1 млн доллар аударды