АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. Алматыда әлемнің түрлі асханасын бағалаушы нағыз талғампаз гурмандардың басын қосқан гастрофестиваль өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Мұнда Алматы тұрғындары мен қала қонақтары ғана емес, Катар, БАӘ және Ұлыбританиядан келген фудблогерлер, сонымен қатар, Үндістан мен Қытайдан келген туристер де бар.
Фестивальді Алматы қаласының туризм басқармасы және қонақтар үшін мерекелік атмосфера жасаған арнайы мамандар ұйымдастырды.
Алматыда халықаралық гастрофестиваль өтіп жатыр
© Photo : Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Фестивальде мексикалық, ливандық, америкалық, азиялық және қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуға болады. Мұнда әлемдік деңгейдегі аспазшылардың аспаздық шоулары мен шеберлік дәрістері, бармендер мен баристалар сайысы, фермерлік өнімдер көрсетіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп жатыр", - дейді басқармадағылар.
Almaty Food Fest 2023 Абай атындағы алаңда екі күн бойы - 4 және 5 қараша аралығында өтеді. Әр күні кеш соңында қонақтарға қазақстандық эстрада артистері өнер көрсетеді.