https://sputnik.kz/20231105/almatyda-khalyqaralyq-gastrofestival-otip-zhatyr-39936462.html
Алматыда халықаралық гастрофестиваль өтіп жатыр
Алматыда халықаралық гастрофестиваль өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. Алматыда әлемнің түрлі асханасын бағалаушы нағыз талғампаз гурмандардың басын қосқан гастрофестиваль өтіп жатыр, деп хабарлайды... 05.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-05T17:43+0500
2023-11-05T17:43+0500
2023-11-05T17:43+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39937157_0:91:1280:811_1920x0_80_0_0_cd6b44774ff9ebcc8d76ac598e5c3f46.jpg
АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. Алматыда әлемнің түрлі асханасын бағалаушы нағыз талғампаз гурмандардың басын қосқан гастрофестиваль өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.Мұнда Алматы тұрғындары мен қала қонақтары ғана емес, Катар, БАӘ және Ұлыбританиядан келген фудблогерлер, сонымен қатар, Үндістан мен Қытайдан келген туристер де бар.Фестивальді Алматы қаласының туризм басқармасы және қонақтар үшін мерекелік атмосфера жасаған арнайы мамандар ұйымдастырды."Фестивальде мексикалық, ливандық, америкалық, азиялық және қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуға болады. Мұнда әлемдік деңгейдегі аспазшылардың аспаздық шоулары мен шеберлік дәрістері, бармендер мен баристалар сайысы, фермерлік өнімдер көрсетіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп жатыр", - дейді басқармадағылар.Almaty Food Fest 2023 Абай атындағы алаңда екі күн бойы - 4 және 5 қараша аралығында өтеді. Әр күні кеш соңында қонақтарға қазақстандық эстрада артистері өнер көрсетеді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39937157_40:0:1241:901_1920x0_80_0_0_ff9633a42043559a87027c9a5f8ab43b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. Алматыда әлемнің түрлі асханасын бағалаушы нағыз талғампаз гурмандардың басын қосқан гастрофестиваль өтіп жатыр, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.
Мұнда Алматы тұрғындары мен қала қонақтары ғана емес, Катар, БАӘ және Ұлыбританиядан келген фудблогерлер, сонымен қатар, Үндістан мен Қытайдан келген туристер де бар.
Фестивальді Алматы қаласының туризм басқармасы және қонақтар үшін мерекелік атмосфера жасаған арнайы мамандар ұйымдастырды.
"Фестивальде мексикалық, ливандық, америкалық, азиялық және қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуға болады. Мұнда әлемдік деңгейдегі аспазшылардың аспаздық шоулары мен шеберлік дәрістері, бармендер мен баристалар сайысы, фермерлік өнімдер көрсетіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп жатыр", - дейді басқармадағылар.
Almaty Food Fest 2023 Абай атындағы алаңда екі күн бойы - 4 және 5 қараша аралығында өтеді. Әр күні кеш соңында қонақтарға қазақстандық эстрада артистері өнер көрсетеді.