Оралдағы жылу орталығын жаңартуға 60 млрд жұмсалады

3 энергоблок пен турбина қайта жаңартылуға тиіс
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 қараша - Sputnik. Оралдағы жылу желісінің 88%-і тозған, деп хабарлады "Хабар 24".
Облыс орталығы тәуекелдің қызыл аймағында тұр. Мәселені жергілікті билік жоспарлы түрде шешуге ниетті. 2028 жылға дейін ЖЭО-ны қайта жаңартуға 60 миллиард теңге жұмсалады.
"2028 жылға дейін осы жұмыстарды орындау кезінде Орал ЖЭО тозуын 60%-ға дейін төмендету көзделіп отыр. Жылу электр орталықтары мен қазандықтардың өндірістік қуатын арттыруды жоспарлап отырмыз. Жалпы 3 энергоблок пен турбина қайта жаңартылуға тиіс", - дейді БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мирас Мұлқай.
Зачаганск кентінде жыл соңына дейін жаңа қазандық іске қосылады. Нысан 9 көпқабатты үйді, 6 кәсіпорынды және әлеуметтік нысанды тұрақты жылумен қамтамасыз етеді.
Өңірлер
Алматыда түтін азаяды – ЖЭО-ны газға ауыстыру мерзімі жарияланды