Өңірлер

Алматыда түтін азаяды – ЖЭО-ны газға ауыстыру мерзімі жарияланды

© Photo : Пресс-служба министерства энергетики КазахстанаМинистр энергетики Саткалиев прибыл с рабочей поездкой в Алматы
Министр энергетики Саткалиев прибыл с рабочей поездкой в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2023
Жазылу
Алматы қаласы ЖЭО-2 өкілдері газға ауыстыру бойынша мердігер анықталғанын, жұмыстар басталғанын хабарлады
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. 2026 жылы Алматыдағы ЖЭО-2 газға көшіріледі, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, "Алматы электр станциялары" АҚ ЖЭО-2 және "Алматыжылужайэнерго" ЖШС "Орбита" қазандығының жұмыстарымен танысты. Одан кейін ЖЭО-2 нысанында үйлестіру штабының кеңесін өткізді.
"Алматы қаласы ЖЭО-2 өкілдері газға ауыстыру бойынша мердігер анықталғанын, жұмыстар басталғанын хабарлады. Белсенді кезең 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде бұл нысанда 3 қазандық пен 1, 2 турбиналарда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 5 қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы "Алматы электр станциялары" АҚ бойынша жөндеу науқаны осыжылдың қараша айының соңында аяқталады.
Жаңалықтар
0