Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қытайға барды

Екі елдің үкімет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды
Sputnik
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен ҚытайХалық Республикасына барды, деп хабарлады үкіметтің баспасөзқызметі.
Әлихан Смайылов пенҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері ЛиЦянның келіссөздері барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Сондай-ақ премьер-министр Шанхайда 6-шы Қытайхалықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысады және басқа елдер делегацияларының басшыларымен бірге көрмедегі ұлттық павильондармен танысады.
Қытай мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалы бір жылда 22%-ке өсіп, рекорд орнатты