https://sputnik.kz/20231103/qytay-men-qazaqstan-arasyndagy-temirzhol-tasymaly-bir-zhylda-22-ke-osip-rekord-ornatty-39903931.html
Қытай мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалы бір жылда 22%-ке өсіп, рекорд орнатты
Қытай мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалы бір жылда 22%-ке өсіп, рекорд орнатты
Sputnik Қазақстан
Тасымалдау жоспары желтоқсан айының басында орындалады деп жоспарланған 03.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-03T20:37+0500
2023-11-03T20:37+0500
2023-11-03T20:37+0500
қытай
жүк
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1c/38004075_0:0:3639:2047_1920x0_80_0_0_07838add602908f01d919e2c2df6271b.jpg
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Теміржол тасымалының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ке өсіп, рекордтық көрсеткішке – 23,6 млн тоннаға жетті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі."ҚТЖ – Жүк тасымалы" және "Үрімші темір жолы" компаниялары өкілдерінің бейнеконференциясында биылғы жылдың 10 айында Қазақстаннан Қытайға 14,5 млн тонна жүк жіберілгені айтылды, өсім 32%, ал кері қарай – 9,1 млн тонна жүк жөнелтілген (+8%).Қазақстан мен Қытай темір жол ынтымақтастығын ұйымдастыру жоспарын мерзімінен бұрын орындауды жоспарлап отыр. Негізі 26,1 млн тонна тасымалдау көзделген. Бұл көрсеткішке желтоқсан айының басында қол жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Тұтастай алғанда жылдық жүк тасымалы көлемі 26,8 млн тонна болады деген болжам жасалды.2024 жылға тасымалдау көлемі 27,8 млн тонна жүк деңгейінде жоспарланды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннаға артық.Бұған дейін хабарланғандай, 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан - Қытай жүк айналымы 21,1 миллион тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%- ке артық. Бұл ретте экспорт 31%, ал импорт 10%-ке ұлғайды.Атап айтқанда, Достық - Алашаңқай өткелі арқылы жылдың 9 айында Қытайға 8,5 миллион тонна жүк жөнелтілді.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1c/38004075_17:0:2746:2047_1920x0_80_0_0_c4a08427832c2fa63959a463a7b816ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, жүк
Қытай мен Қазақстан арасындағы теміржол тасымалы бір жылда 22%-ке өсіп, рекорд орнатты
Тасымалдау жоспары желтоқсан айының басында орындалады деп жоспарланған
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Теміржол тасымалының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ке өсіп, рекордтық көрсеткішке – 23,6 млн тоннаға жетті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
"ҚТЖ – Жүк тасымалы" және "Үрімші темір жолы" компаниялары өкілдерінің бейнеконференциясында биылғы жылдың 10 айында Қазақстаннан Қытайға 14,5 млн тонна жүк жіберілгені айтылды, өсім 32%, ал кері қарай – 9,1 млн тонна жүк жөнелтілген (+8%).
Қазақстан мен Қытай темір жол ынтымақтастығын ұйымдастыру жоспарын мерзімінен бұрын орындауды жоспарлап отыр. Негізі 26,1 млн тонна тасымалдау көзделген. Бұл көрсеткішке желтоқсан айының басында қол жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Тұтастай алғанда жылдық жүк тасымалы көлемі 26,8 млн тонна болады деген болжам жасалды.
2024 жылға тасымалдау көлемі 27,8 млн тонна жүк деңгейінде жоспарланды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1 млн тоннаға артық.
Бұған дейін хабарланғандай, 9 айдың қорытындысы бойынша
Қазақстан - Қытай жүк айналымы 21,1 миллион тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%- ке артық. Бұл ретте экспорт 31%, ал импорт 10%-ке ұлғайды.
Атап айтқанда, Достық - Алашаңқай өткелі арқылы жылдың 9 айында Қытайға 8,5 миллион тонна жүк жөнелтілді.