Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ХАМАС пен Израильді атысты тоқтатуға үндеді

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы гуманитарлық дәліздерді ашуды ұлттық дипломатияның басымдығы деп атады
Sputnik
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Мұрат Нұртілеу Астанадағы Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінде Израиль мен ХАМАС арасында дереу атысты тоқтатуға және гуманитарлық дәліздерді ашуға шақырды.
Ол Қазақстан қантөгісті тоқтатуды талап етіп отырған халықаралық қауымдастықпен келісетінін айтты.
"Газа тұрғындары үшін гуманитарлық дәліздерді ашу – қазақстандық дипломатияның басты міндеті, оны қандай да бір алғышартсыз орындау керек", - деді Нұртілеу.
Оның айтуынша, қақтығыс тараптары тек Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін бейбіт келіссөздерге ден қоюы керек, сондай-ақ БҰҰ қарарларына сәйкес "Екі ұлт үшін екі мемлекет" формуласын қолдауы керек.
Қазақстанның СІМ басшысы қазіргі шиеленіс жағдайы бұрын-соңды болмаған және болжауға келмейтін ахуал екенін айтты.
"Осыған қарамастан Қазақстан БҰҰ Жарғысында және халықаралық құқықта бекітілген құндылықтар мен қағидаттарды берік ұстана отырып, теңгерімді, көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуді жалғастырады", - деді министр.
Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті.
Астанада Түркі мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері арнайы кездесу өткізді – фото