https://sputnik.kz/20231103/qazaqstannyn-syrtqy-ister-ministrligi--khamas-pen-izraildi-atysty-toqtatuga-shaqyrdy-39887700.html
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ХАМАС пен Израильді атысты тоқтатуға үндеді
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ХАМАС пен Израильді атысты тоқтатуға үндеді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы гуманитарлық дәліздерді ашуды ұлттық дипломатияның басымдығы деп атады 03.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-03T11:54+0500
2023-11-03T11:54+0500
2023-11-03T12:02+0500
сыртқы істер министрлігі
израиль
палестина
https://sputnik.kz/img/919/25/9192549_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_64291d66dcd09dd1822566c6784348c1.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Мұрат Нұртілеу Астанадағы Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінде Израиль мен ХАМАС арасында дереу атысты тоқтатуға және гуманитарлық дәліздерді ашуға шақырды.Ол Қазақстан қантөгісті тоқтатуды талап етіп отырған халықаралық қауымдастықпен келісетінін айтты."Газа тұрғындары үшін гуманитарлық дәліздерді ашу – қазақстандық дипломатияның басты міндеті, оны қандай да бір алғышартсыз орындау керек", - деді Нұртілеу.Оның айтуынша, қақтығыс тараптары тек Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін бейбіт келіссөздерге ден қоюы керек, сондай-ақ БҰҰ қарарларына сәйкес "Екі ұлт үшін екі мемлекет" формуласын қолдауы керек.Қазақстанның СІМ басшысы қазіргі шиеленіс жағдайы бұрын-соңды болмаған және болжауға келмейтін ахуал екенін айтты."Осыған қарамастан Қазақстан БҰҰ Жарғысында және халықаралық құқықта бекітілген құндылықтар мен қағидаттарды берік ұстана отырып, теңгерімді, көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуді жалғастырады", - деді министр.Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті.
https://sputnik.kz/20231103/astanada-turki-memleketterinin-syrtqy-ister-ministrleri-arnayy-kezdesu-otkizdi--foto-39881128.html
израиль
палестина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/919/25/9192549_45:0:2776:2048_1920x0_80_0_0_b38fc0e37f9ed960f5db83292dd4022b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыртқы істер министрлігі, израиль, палестина
сыртқы істер министрлігі, израиль, палестина
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ХАМАС пен Израильді атысты тоқтатуға үндеді
11:54 03.11.2023 (жаңартылды: 12:02 03.11.2023) Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы гуманитарлық дәліздерді ашуды ұлттық дипломатияның басымдығы деп атады
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Мұрат Нұртілеу Астанадағы Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінде Израиль мен ХАМАС арасында дереу атысты тоқтатуға және гуманитарлық дәліздерді ашуға шақырды.
Ол Қазақстан қантөгісті тоқтатуды талап етіп отырған халықаралық қауымдастықпен келісетінін айтты.
"Газа тұрғындары үшін гуманитарлық дәліздерді ашу – қазақстандық дипломатияның басты міндеті, оны қандай да бір алғышартсыз орындау керек", - деді Нұртілеу.
Оның айтуынша, қақтығыс тараптары тек Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін бейбіт келіссөздерге ден қоюы керек, сондай-ақ БҰҰ қарарларына сәйкес "Екі ұлт үшін екі мемлекет" формуласын қолдауы керек.
Қазақстанның СІМ басшысы қазіргі шиеленіс жағдайы бұрын-соңды болмаған және болжауға келмейтін ахуал екенін айтты.
"Осыған қарамастан Қазақстан БҰҰ Жарғысында және халықаралық құқықта бекітілген құндылықтар мен қағидаттарды берік ұстана отырып, теңгерімді, көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуді жалғастырады", - деді министр.
Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті.