Қазақстан арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға рұқсат етілді

25 қыркүйекте темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынған болатын
Sputnik
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. 3 қарашадан бастап Қазақстан арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға ресми түрде рұқсат етілді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
25 қыркүйекте үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынған болатын.
"Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға шектеу қойылмайтынын ескертеміз", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен айда Қазақстанда сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жылға, теміржол көлігімен әкетуге жарты жылға тыйым салынды.
Қазақстаннан сұйытылған газды әкетуге үш жылға тыйым салынады