https://sputnik.kz/20231010/qazaqstannan-suyytylgan-gazdy-aketuge-ush-zhylga-tyyym-salynady-39237132.html
Қазақстаннан сұйытылған газды әкетуге үш жылға тыйым салынады
Қазақстаннан сұйытылған газды әкетуге үш жылға тыйым салынады
Sputnik Қазақстан
Бұл шектеу ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін енгізіледі 10.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-10T15:43+0500
2023-10-10T15:43+0500
2023-10-10T15:43+0500
газ
тасымалдау
тыйым
https://sputnik.kz/img/07e7/09/04/38173855_23:0:3664:2048_1920x0_80_0_0_07b97138114e34e660082c163ed66f68.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қазақстанда сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жылға, теміржол көлігімен әкетуге жарты жылға тыйым салынады. Тиісті бұйрықты энергетика министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Құжат "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. Талқылау уақыты 24 қазанға дейін созылады.Шектеу ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін енгізіледі, деп түсіндірді ведомствода.
https://sputnik.kz/20231007/reseylik-gaz-tasymaly-toqaev-putin-zhane-mirziev-saltanatty-sharaga-qatysty-39134978.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/04/38173855_478:0:3209:2048_1920x0_80_0_0_7eca24a33837785bf915fefd41e65a7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, тасымалдау, тыйым
Қазақстаннан сұйытылған газды әкетуге үш жылға тыйым салынады
Бұл шектеу ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін енгізіледі
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қазақстанда сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жылға, теміржол көлігімен әкетуге жарты жылға тыйым салынады. Тиісті бұйрықты энергетика министрлігі әзірледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Құжат "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. Талқылау уақыты 24 қазанға дейін созылады.
"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль көлігімен үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу енгізілсін. Бұл шектеу өнімді бөлу туралы келісімі бар немесе жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарты аясында өндіріп жатқан жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне қолданылмайды", - делінген құжатта.
Шектеу ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін енгізіледі, деп түсіндірді ведомствода.