Астанада 93 баладан қызылша анықталды

2 мен 4 жас аралығындағы балаларды вакциналау 5 желтоқсанда басталады
Sputnik
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова елорда балабақшаларында 93 баладан қызылша анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлады Хабар 24.
Бұл бүлдіршіндердің 95%-ыі екпе алмаған. Сонымен қатар мектептерде 40 оқушы қызылша жұқтырған. Студенттер арасында да аталған жұқпалы ауруға шалдыққандар анықталып жатыр.
Елордада қызылшаға қарсы қосымша иммундау науқаны 6 қарашада басталады. 6 және 10 айға дейінгі балаларға екпе бірінші кезекте жасалады.
2 мен 4 жас аралығындағы балаларды вакциналау 5 желтоқсанда басталады.
Екпе науқаны кезеңінде емханаларда арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Ал осы уақытқа дейін 183 бала ауруханаға жатқызылды. Емдеу мекемелерінде 500 төсек орын дайындалды.
Үкімет резерві есебінен қызылшаға қарсы 120 мың доза вакцина сатып алынады.
Ақтөбеде қызылша өршіп тұр – ауруханада қосымша орындар дайындалды