Ильхам Әлиев Астанаға келді

Ильхам Әлиевті елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды
Sputnik
АСТАНА, 2 қараша - Sputnik. Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ол 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.
Ильхам Әлиевті елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.
Саммитке Әзербайжан президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.
Тоқаев пен Орбан қандай келісімге келді