https://sputnik.kz/20231102/toqaev-pen-orban-qanday-kelisimge-keldi-39854682.html
Тоқаев пен Орбан қандай келісімге келді
Тоқаев пен Орбан қандай келісімге келді
Sputnik Қазақстан
Мажарстанның "Globalia" компаниясы Қазақстанның бірқатар аймағында күн электр станцияларын салады 02.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-02T14:19+0500
2023-11-02T14:19+0500
2023-11-02T14:19+0500
венгрия
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39844071_27:0:1254:690_1920x0_80_0_0_eae302538113ceee7653404c2a035308.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанды қабылдады. Sputnik Қазақстан шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздердің нәтижесін ұсынады.Негізгі келісімдер:"Қазіргі кезде Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 мың миллион доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады. Энергетика, металлургия, мұнай-химия, машина жасау, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласы бойынша өнім экспорттауға мүмкіндік бар. Біз инвестициялық серіктестікті одан ары жандандыру үшін ірі жобаларды бірлесіп жүзеге асырамыз деп уағдаластық. Содан өзара тиімді жобалардың тізімі әзірленеді", - деді Тоқаев.Президенттің ойынша, екі жақты сауда-саттықты 1 миллиард долларға дейін арттыруға болады.Келіссөз қорытындысы бойынша білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес, қазақстандық студенттерге Stipendium Hungaricum халықаралық бағдарламасы бойынша венгр университеттерінде оқуға стипендия беру жалғаса береді.
https://sputnik.kz/20231102/siz--qypshaqsyz-shagyn-quramdagy-kelissozde-toqaev-orbanga-algys-aytty-39846973.html
венгрия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/02/39844071_180:0:1100:690_1920x0_80_0_0_7879aa9c0bbc6ccf1a7ca0de0f9821b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
венгрия, қасым-жомарт тоқаев
венгрия, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев пен Орбан қандай келісімге келді
Мажарстанның "Globalia" компаниясы Қазақстанның бірқатар аймағында күн электр станцияларын салады
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанды қабылдады. Sputnik Қазақстан шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздердің нәтижесін ұсынады.
Жыл соңына қарай Батыс Қазақсанда "Рожковское" ірі газ канденсаты кен орны ашылады. Онда мажарлық "MOL" мұнай-газ компаниясының үлесі 192 млн доллар болады;
Мажарстанның "Globalia" компаниясы Қазақстанның бірқатар аймағында күн электр станцияларын салады. Жобаның құны – 150 млн доллар;
Келесі аптада Қазақстан-Мажарстан бизнес форумы өтеді;
Транскаспий дәлізі аясында бірлескен жобалар қолға алынады;
Астанадағы көшеге Мажарстанның ұлттық ақыны Шандор Петёфидің есімі беріледі.
"Қазіргі кезде Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 мың миллион доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады. Энергетика, металлургия, мұнай-химия, машина жасау, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласы бойынша өнім экспорттауға мүмкіндік бар. Біз инвестициялық серіктестікті одан ары жандандыру үшін ірі жобаларды бірлесіп жүзеге асырамыз деп уағдаластық. Содан өзара тиімді жобалардың тізімі әзірленеді", - деді Тоқаев.
Президенттің ойынша, екі жақты сауда-саттықты 1 миллиард долларға дейін арттыруға болады.
"Геосаяси шиеленістерге қарамастан, былтыр тауар айналымы 20 пайыздан астам өсті. Таяу болашақта бұл көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізуге толық мүмкіндігіміз бар екеніне сенімдімін", – деп атап өтті мемлекет басшысы.
Келіссөз қорытындысы бойынша білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес, қазақстандық студенттерге Stipendium Hungaricum халықаралық бағдарламасы бойынша венгр университеттерінде оқуға стипендия беру жалғаса береді.