Алматыда аспанға оқ атқан ер адам ұсталды

Жас жігіт тұрғын үй кешенінің балконында тұрып, аспанға екі рет оқ атқан
Sputnik
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде терезеден оқ атқан ер адамның видеосы жарияланды.
Алматы полициясының мәліметінше, 23 жастағы Атырау облысының тумасы ұсталды.
Жас жігіт көпқабатты үйдің балконында тұрып, аспанға екі рет оқ атқан, деп толықтырды полицейлер.
"Одан үш оқ-дәрісі бар RETAY PT24 маркалы сигналдық тапаншатәркілеп алынды", - делінген хабарламада.
Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға береді.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында мас ер адам тапаншамен әйел мен баланы жаралағаны хабарланған болатын.
Батыс Қазақстанда үш адамды, оның ішінде бір сәбиді жаралаған қаскөй ұсталды