Батыс Қазақстанда үш адамды, оның ішінде бір сәбиді жаралаған қаскөй ұсталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2023
Жазылу
Күдікті жергілікті шаруа қожалығының иесі болып шықты
ОРАЛ, 6 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері екі ересек пен кішкентай баланы қарумен жаралаған ер адамды ұстады.
Күдікті жергілікті шаруа қожалығының иесі болып шықты. Полицияның мәліметінше, ол қаруды мас күйінде қолданған. Алдымен жанжал бірлесіп алкогольдік ішімдік ішу кезінде болғаны туралы ақпарат тарады, бірақ кейін баспасөз қызметі күдіктінің өзі ғана мас болғанын анықтады.
"Жанжал кезінде шаруа қожалығының басшысы әйелінің атына тіркелген аңшы мылтығын көлігінен алып шығып, қарсыласына қарай бірнеше рет оқ атқан. Салдарынан ауыл тұрғыны жарақат алған. Сонымен қатар 59 жастағы жергілікті тұрғын мен оның кішкентай немересіне бытыра тиген", - деп хабарладыполиция.
Күдікті аса ауыр қылмыс жасаған соң көлігімен оқиға орнынан бой тасалаған.
Ол көп ұзамай ұсталды. Адам өлтіруге оқталу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің барлығының жағдайы тұрақты.
Жаңалықтар
0