АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Тиісті өнеркәсіптік сертификатпен қазақстандық тауарды растау арқылы отандық тауарларды бір көзден сатып алуға болады.
Сатып алулардың негізін растау және теріс пайдалануды болдырмау мақсатында бір көзден сатып алынатын тауарлардың тізбесі оңтайландырылды.
"Сондай-ақ тауарларды сатып алу барысында "бүркеу" шарттар жасасу фактісін болдырмау үшін келісімшарттар бойынша сатып алынған тауарлардың (келісімшарт сомасының 50%-нан аспайтын) және қызметтердің (келісімшарт сомасының 30%-нан аспайтын) жалпы құны шектелді", - дейді ведомство.
Қосалқы мердігерлердің шартты орындауға үшінші тұлғаларды тарту құқығы шектелді. Бұрын жарияланған, бірақ өтпеген ашық тендерге қатыспаған үшінші тұлғалардан бір көзден сатып алуға тыйым салынды.
Бұдан басқа, жаңа ережелер отандық тауар өндірушілер үшін оған қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде шарт сомасының 30% мөлшерінде алдын ала төлем жасау құқығын көздейді.