https://sputnik.kz/20231101/zher-qoynauyn-paydalanushylardyn-satyp-alu-qagidalaryna-ozgerister-engizildi-39811296.html
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Sputnik Қазақстан
Қосалқы мердігерлердің шартты орындауға үшінші тұлғаларды тарту құқығы шектелді. 01.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-01T13:13+0500
2023-11-01T13:13+0500
2023-11-01T13:13+0500
жер
ереже
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1c/34377773_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_69ce0582bd42703121ec2c77e671eace.jpg
АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды энергетика министрлігі.Тиісті өнеркәсіптік сертификатпен қазақстандық тауарды растау арқылы отандық тауарларды бір көзден сатып алуға болады.Сатып алулардың негізін растау және теріс пайдалануды болдырмау мақсатында бір көзден сатып алынатын тауарлардың тізбесі оңтайландырылды.Қосалқы мердігерлердің шартты орындауға үшінші тұлғаларды тарту құқығы шектелді. Бұрын жарияланған, бірақ өтпеген ашық тендерге қатыспаған үшінші тұлғалардан бір көзден сатып алуға тыйым салынды.Бұдан басқа, жаңа ережелер отандық тауар өндірушілер үшін оған қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде шарт сомасының 30% мөлшерінде алдын ала төлем жасау құқығын көздейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/1c/34377773_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_6025693ec7e4f680143df69dd215ea1e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер, ереже, қр энергетика министрлігі
жер, ереже, қр энергетика министрлігі
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Қосалқы мердігерлердің шартты орындауға үшінші тұлғаларды тарту құқығы шектелді.
АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Тиісті өнеркәсіптік сертификатпен қазақстандық тауарды растау арқылы отандық тауарларды бір көзден сатып алуға болады.
Сатып алулардың негізін растау және теріс пайдалануды болдырмау мақсатында бір көзден сатып алынатын тауарлардың тізбесі оңтайландырылды.
"Сондай-ақ тауарларды сатып алу барысында "бүркеу" шарттар жасасу фактісін болдырмау үшін келісімшарттар бойынша сатып алынған тауарлардың (келісімшарт сомасының 50%-нан аспайтын) және қызметтердің (келісімшарт сомасының 30%-нан аспайтын) жалпы құны шектелді", - дейді ведомство.
Қосалқы мердігерлердің шартты орындауға үшінші тұлғаларды тарту құқығы шектелді. Бұрын жарияланған, бірақ өтпеген ашық тендерге қатыспаған үшінші тұлғалардан бір көзден сатып алуға тыйым салынды.
Бұдан басқа, жаңа ережелер отандық тауар өндірушілер үшін оған қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде шарт сомасының 30% мөлшерінде алдын ала төлем жасау құқығын көздейді.