АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макронды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі
© Photo : Президенттің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптесін өз резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды.
Дәстүрге сай президент резиденциясының залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді.
Торжественная церемония встречи Президента Франции Эмманюэля Макрона в резиденции "Акорда"
© Photo
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, содан кейін президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады. Содан соң президенттер Қазақстан туына құрметін білдіріп, шағын құрамда кездесу өткізді.
Торжественная церемония встречи Президента Франции Эмманюэля Макрона в резиденции "Акорда"
© Photo
Айта кетері, Франция президентінің ресми сапары бір күнге созылады. Эмманюэль Макрон Қазақстанға алғаш рет сапар жасап отыр.
Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды деп жоспарлануда.
Былтыр көктемде Францияда президент сайлауы өтіп, Макрон екінші рет бес жыл мерзімге сайланды.