https://sputnik.kz/20231101/toqaev-aqordada-makrondy-qarsy-aldy-39803531.html
Тоқаев Ақордада Макронды қарсы алды
Тоқаев Ақордада Макронды қарсы алды
Sputnik Қазақстан
Францияның 25-ші президенті Қазақстанға алғаш рет сапар жасады 01.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-01T10:26+0500
2023-11-01T10:26+0500
2023-11-01T11:15+0500
эмманюэль макрон
қасым-жомарт тоқаев
ақорда
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/01/39805058_0:74:1280:794_1920x0_80_0_0_142ba4273147977fda5c18395f4c8a2b.jpg
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макронды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптесін өз резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды.Дәстүрге сай президент резиденциясының залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді.Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, содан кейін президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады. Содан соң президенттер Қазақстан туына құрметін білдіріп, шағын құрамда кездесу өткізді.Айта кетері, Франция президентінің ресми сапары бір күнге созылады. Эмманюэль Макрон Қазақстанға алғаш рет сапар жасап отыр.Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды деп жоспарлануда.Былтыр көктемде Францияда президент сайлауы өтіп, Макрон екінші рет бес жыл мерзімге сайланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/01/39805058_124:0:1280:867_1920x0_80_0_0_f8e2500c740abeed758b99e49c579f59.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
эмманюэль макрон, қасым-жомарт тоқаев, ақорда
эмманюэль макрон, қасым-жомарт тоқаев, ақорда
Тоқаев Ақордада Макронды қарсы алды
10:26 01.11.2023 (жаңартылды: 11:15 01.11.2023) Францияның 25-ші президенті Қазақстанға алғаш рет сапар жасады
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макронды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптесін өз резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды.
Дәстүрге сай президент резиденциясының залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, содан кейін президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады. Содан соң президенттер Қазақстан туына құрметін білдіріп, шағын құрамда кездесу өткізді.
Айта кетері, Франция президентінің ресми сапары бір күнге созылады. Эмманюэль Макрон Қазақстанға алғаш рет сапар жасап отыр.
Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды деп жоспарлануда.
Былтыр көктемде Францияда президент сайлауы өтіп, Макрон екінші рет бес жыл мерзімге сайланды.