Терроризмді насихаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Олар Қазақстанда тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами" және "ДАИШ" ұйымдарының идеологиясын жақтаған
Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Алматы қаласының полиция департаменті ҰҚКД-мен бірге терроризм идеяларын насихаттады деген күдіктіні құрықтады. Ұсталған адам Қазақстанда тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами" діни-экстремистік ұйымын жақтаған.
Сонымен қатар Түркістанда облыстық ПД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен терроризм идеяларын насихаттады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымы идеологиясын насихаттаған.
Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлігі "Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Тергеу уақытында ұсталғандарға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.