https://sputnik.kz/20231030/terrorizmdi-nasikhattady-degen-kudikpen-eki-adam-ustaldy-39753914.html
Терроризмді насихаттады деген күдікпен екі адам ұсталды
Терроризмді насихаттады деген күдікпен екі адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Олар Қазақстанда тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами" және "ДАИШ" ұйымдарының идеологиясын жақтаған 30.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-30T14:28+0500
2023-10-30T14:28+0500
2023-10-30T14:33+0500
терроризм
https://sputnik.kz/img/1286/55/12865586_0:44:1070:646_1920x0_80_0_0_a44169d314861be78c5dd71ecf60321f.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.Алматы қаласының полиция департаменті ҰҚКД-мен бірге терроризм идеяларын насихаттады деген күдіктіні құрықтады. Ұсталған адам Қазақстанда тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами" діни-экстремистік ұйымын жақтаған.Сонымен қатар Түркістанда облыстық ПД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен терроризм идеяларын насихаттады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымы идеологиясын насихаттаған.Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлігі "Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.Тергеу уақытында ұсталғандарға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1286/55/12865586_75:0:995:690_1920x0_80_0_0_2c818da6c6427e54b3c815764693666e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризм
Терроризмді насихаттады деген күдікпен екі адам ұсталды
14:28 30.10.2023 (жаңартылды: 14:33 30.10.2023) Олар Қазақстанда тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами" және "ДАИШ" ұйымдарының идеологиясын жақтаған
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлады
Polisia.kz. Алматы қаласының полиция департаменті ҰҚКД-мен бірге терроризм идеяларын насихаттады деген күдіктіні құрықтады. Ұсталған адам Қазақстанда тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами" діни-экстремистік ұйымын жақтаған.
Сонымен қатар Түркістанда облыстық ПД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен терроризм идеяларын насихаттады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымы идеологиясын насихаттаған.
Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлігі "Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Тергеу уақытында ұсталғандарға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.