АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Астанада халықты жарықсыз қалдырған төтенше жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін комитеттің бұйрығымен комиссия құрылды. Оған барлық құзіретті орган еніп отыр.
"Біз заң бойынша 10 жұмыс күні ішінде технологиялық ақаулықтың себебін анықтап, тексерістің нәтижесін жариялаймыз", - деді Есімханов бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде Астанада 500 мыңнан астам абонент тіркелген.
"Ал жарық өшкенде шамамен 100 мың абонент электр қуатынсыз қалды. Сонда қала тұрғындарының 20 проценті бір жарым сағаттай жарықсыз отырды", - деп атап өтті комитет басшысы.